11.11.2025, 12:15
Оқылды: 90

Бөрлі ауданында волейболдан облыс чемпионаты өтті 

Жақында ауданымызға қарасты Бөрлі ауылының “Бөрлі” спорт кешенінде волейболдан 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының күзгі чемпионаты өтті.

волейбол (1)

Жарыстың ашылу салтанатына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, Ақсай мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Бауыржан Мухтубаев, жарыстың бас төрешісі, облыстың аға жаттықтырушысы Әсел Губашева, Орал қаласының аға жаттықтырушысы Нурслу Губашев және бір топ жаттықтырушылар қатысты.

Салтанатты шарада аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Тастемірұлы және жарысымыздың бас төрешісі, облысымыздың аға жаттықтырушысы Әсел Көлеңкеқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Казталов, Сырым, Ақжайық, Бәйтерек, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының командалары қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2013-2014 ж.т жасөспірім қыздар арасындағы ойын бойынша Орал қаласының, яғни, облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы керемет ойын көрсетіп, қарсыластарын жеңіп, І орынға ие болды. Ал ІІ орынға Сырым ауданы, ІІІ орынға ауданымыздың волейболшылары ие болды.

2011-2012 ж.т жасөспірім қыздар арасындағы тартыста Сырым ауданының қыздары басымдықпен жеңіске жетті. Ал Бөрлі ауданы мен Орал қаласының командалары ІІ және ІІІ орындарды бөлісті.

волейбол (2)

2009–2010 ж.т жасөспірім қыздар арасындағы ойынның қорытындысында Орал қаласының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Ауданымыздың командасы да қалыспай ІІ орынға ие болса, ал Шыңғырлау ауданы ІІІ орынмен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале