29.01.2026, 12:00
Оқылды: 7

Бөрлі ауданында жастармен маңызды кездесу өтті

Діни сауаттылық кездесу (1)

Бөрлі колледжінде жастардың діни сауаттылығын арттыру және әлеуметтік желілердегі діни экстремизмнің алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Шараға Бөрлі аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Тасболат Әли Бекболатұлы арнайы қатысып, студенттермен ашық форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында теолог жастарға Қазақстан Республикасында қалыптасқан дәстүрлі діннің рухани-адамгершілік құндылықтары туралы кеңінен түсіндіріп, радикалды және теріс діни ағымдардың белгілеріне тоқталды. Әсіресе интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерде таралатын жалған діни ақпараттың қауіптілігі, олардың жастар санасына тигізетін кері әсері нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Діни сауаттылық кездесу (2)

Маман өз сөзінде қазіргі таңда діни экстремизм идеологиясы көбіне әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен бейресми діни парақшалар арқылы таралатынын атап өтті. Мұндай ресурстардың басты белгілері ретінде дінді саясаттандыру, мемлекет заңдарын жоққа шығару, қоғамды «біз» және «олар» деп бөлу, радикалды ұрандарды насихаттау сынды факторлар айтылды. Сонымен қатар, экстремистік идеялардың жастар психологиясына әсер ету тетіктері де түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дінге  қатысты өзекті мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды. Жастардың белсенділігі олардың бұл тақырыпқа бейжай қарамайтынын көрсетті.

Айжарық Нұр,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале