17.08.2025, 9:21
Оқылды: 449

Бөрлі ауданындағы қос ауылда ауыл әкімі сайлауы өтіп жатыр

Бүгін 17 тамыз Бөрлі ауданына қарасты Достық және Кеңтүбек ауылдық округтерінде ауыл әкімі сайлауы басталды.
image-17-08-25-08-28-1
Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
Кеңтүбек ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер қатарында Баймұратова Нүрия Орынғалиқызы, Ғазиев Нұрлан Талаптанұлы және Ташуков Нұрлыбек Болатұлы бар. Үш үміткер де өз кандидатурасын ұсынған.
№79 сайлау учаскесі Кеңтүбек ЖОББМ-де орналасқан. Аталған учаскеде 663 адам тіркелген. Сайлау учаскесінде алғашқы рет дауыс беретін, ең бірінші дауыс берген тұрғындарға арнайы сыйлықтар да дайындалған.
photo-output
№79 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген ауыл тұрғыны Ерлан Таубасов. Ол сайлауға жолдасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

- Бүгін ауылымызда сайлау өтіп жатыр. Біз ең бірінші болып дауыс бердік. Еліміздің әрбір азаматы сайлауға қатысып, өз дауысын беруге міндетті деп санаймын. Бүгінгі сайлау ауылымыздың болашағы үшін маңызды. Алдағы уақытта сайланған ауыл әкімі ауылымыздың игілігі үшін еңбек етеді деген ойдамын, - дейді ең бірінші болып дауыс берген Ерлан Таубасов.

photo-output
Комиссия төрағасы Арман Кабулов ең бірінші болып өз дауысын берген Таубасовтар жанұясына арнайы сыйлық табыстады.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале