14.03.2026, 21:10
Оқылды: 5

Бөрлі ауданының әкімі қарттарға көрісе барды

14 наурыз – қазақ халқы үшін ең айтулы күндердің бірі. Себебі, бұл күні жасы кішілер үлкендерге барып көрісіп, «Бір жасыңызбен» деп құттықтап, бір-бірін қуанышқа бөлейді. Бұл ізгі дәстүрді берік ұстанған Бөрлі аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов пен Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов жасы үлкен ақсақал мен еңбек ардагеріне көрісе барды.

b15a82be-3c8c-4a93-aaf8-9ae02e63e238

​Алдымен БҚО бойынша елорда төрінде облыс, аудан мәртебесін көтеріп, «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық отбасылық байқауының жеңімпазы, өз уақытында біраз жыл аудан басшылығында болып, елге қызмет еткен, 10 бала тәрбиелеп өсірген, абыз ақсақал Сүйінғараев Мұратбай ата мен Дариға әженің отбасында болды.

3c263801-98ef-4c9c-b227-cbb4c34fb6a1
Іле шала тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Бөрлі жеріне табаны тиіп, медицина саласында талай жанның өміріне араша болған ақ халатты абзал жан, білікті дәрігер, бүгінде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бектұрғанов Әли ағамыздың шаңырағына барды.
– «Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз бізге үлгі, әрбір айтқан бата-тілектеріңіз кейінгі жас буынға рухани азық. Ортамызда аман-есен отыра беріңіздер. Дендеріңіз сау болып, әр жыл сайын осылай көрісуге жазсын, - деді аудан басшысы.
– «Ұлық болсаң кішік бол!» дегендей үлкенді сыйлап, көрісіп келіп жатқандарыңа рахмет. Біз кезінде осы ауданның дамуына азды-көпті үлесімізді қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп жатқан жандармыз. Елдің жайын газеттен оқып, біліп отырамын. Аудан, қала көлемінде ауқымды істер атқарылуда. Соның бәріне тілекшіміз, - деп ақ батасын берді құрмет төріндегі қарттар.

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале