23.07.2024, 12:45
Оқылды: 154

Бөрлі ауданының құрама командасы ел чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

Орал қаласында жастар мен жасөспірімдер, ардагерлер арасында классикалық және жабдықталған пауэрлифтингтан ел чемпионаты өтті. Қара күштің қара нарлары сынға түскен сайыстың қорытындысы бойынша Бөрлі ауданының құрама командасы жақсы нәтиже көрсетті.

2D287DA2-D33D-4726-9BCC-52FB4061A2C2

Классикалық пауэрлифтингтен Абай Ғабдуллин, Қайсар Екшембаев, Вадим Шуклин, Сергей Шуклин, Талғат Раимқұлов үздік атанса, Дамир Ғұмаров пен Дастан Шакиров үшінші орынға қол жеткізді. Сергей Шуклин ардагерлер арасында классикалык пауэрлифтингтан жалпы есепте 441 кг көтеріп, елдің рекордын жаңартты.

Жабдықталған пауэрлифтингтен Әділхан Сисенов үздік болып қана қоймай, сонымен қатар  М1 санатында барлық салмақ арасында 655 кг көтеріп, абсолюттік  жеңімпаз атанды.

Жабдықталған пауэрлифтингтен Вадим Шуклин, Сергей Шуклин, Талғат Раимқұлов тағы да мықтылықтарын танытты. Ал Сергей Шуклин ардагерлер арасында жабдықталған пауэрлифтингтан жеті рет ҚР рекордын жаңартты.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале