12.04.2018, 17:33
Оқылды: 32

Бөрліде 54 мың гектар алқапқа егін егіледі

Бөрлі ауданында көктемгі егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Өңірдегі шаруалар 54 мың гектар егістік алқапқа егін егеді. Ол былтырғымен салыстырғанда 3 мың гектарға артық. Дала жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы техникасы да сақадай сай. Нарықтағы сұранысқа байланысты биыл өңірде дәнді дақылдар және азықтық дәнді дақылдардың көлемі артып отыр. Үкімет тарапынан  бөлінген 110 тонна арзандатылған жанар-жағармай шаруаларға зор қолдау болмақ.

 Жалпы ауданда 89 шаруашылық құрылым егіс егуді бастамақ. Бұрын тек егіс шаруашылықпен айналысқан өңірдің, қазірде мал шаруашылығына бет-бұрыс жақсарды. Соған байланысты азықтық дәнді дақылдар көлемі жыл санап артып келеді. Өйткені қыстаққа азық дайындау өте қажет. Сұраныстың аз болуына байланысты майлы дақылдардың көлемін азайтып отыр. Көктемгі далалық жұмыстарға 231 бірлік ауылшаруашылық техникасы қатысады.

Былтыр күзде егілген күздік бидайдың да көлемі көңіл қуантады. Шаруалар 5460 гектар жерге күздік дақылдар еккен. Соның ішінде күздік бидай 2955 гектар болса, күздік қара бидай 2505 гектар жерге себілген. Өнімнің бітік шығуына жердегі ылғалдың молдығы әсер етпек. Биылғы жылы бөрлілік диханшылар 8500 гектар дәнді-дақыл еккелі отыр. Оның ішінде жаздық бидай 2000 гектар, арпа 6000гектар, тары 400 гектар, сұлы 700 гектар жеге егіледі. Ал майлы дәқылдарды 7700 гектар жерге егу межеленген міндет.

Өңірде өткен жылғы көпжылдық азықтық шөптермен есептегенде 3200 гектар көпжылдық шөптер алқабы бар. Далалық жұмыстарды өткізуге жанар жағармай жеткілікті. Көктемгі далалық жұмыстарды ұтымды өткізу үшін «Қарашығанақ несие серіктестігі» арқылы арзандатылған несие бөлінді. Бүгінгі таңда 6 қожалық 60 миллион теңге несие рәсімдеген. Биыл жаңбыр көп жауады деген жоспар бар, әрі жердің ылғалдылығы жақсы. Сондықтан бөрлілік шаруалар жақсы өнім аламыз деп үміттеніп отыр.

Пугачев ауылына қарасты «Агровик» ЖШС басшысы Виктор Колесниковтың техниканы майлап, соқа-сайманын сайлап, 2-3 күннен соң жер жыртуға кіріседі. Ырыздығын жерден тапқан ол былтырғы күзде 400 гектар жерге күздік бидай ексе, биыл 600 гектар жерге жаздық бидай мен 400 гектар жерге арпа егуді жоспарлап отыр. Жанар жағармай мәселесі де шешілген. Бастысы, табиғат ана тосын мінезін танытпаса болғаны, - дейді шаруашылық басшысы.

«Біз науқанға толық дайынбыз. Алдағы күндері жер жырту жұмыстарын бастаймыз. Биыл далада қар аз болды. Сондықтан аздаған алаңдаушылық бар. Дегенмен  жаз жаңбырлы болады деген болжам бар. Тұқым қорымыз мол, сапалы. Барлық тексерістерден өтті. Қарамағымда он үш жұмысшым бар. Біразы шаруашылық құрылған жылдан бастап менімен бірге. Техникам да жетеді. Бірнешеуін былтыр жаңалап алдым. Енді жаздың жаңбырлы болуын тілейміз» дейді Виктор Борисович.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале