Бөрлі ауданына іссапармен БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайрулина келді.

Соған сәйкес аудан әкімдігінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ерік Төлепқалиевтің төрағалығымен отырыс өтті.
Жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.
Басқосуда мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез-келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызмет сапасына байланысты екеніне тоқталды.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтауы қажет екендігі айтылды.
Айман Рафикқызы қызметкерлерді жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған әдептілік нормаларды ұстануға, барынша қарапайым болуға, қызмет барысында қоғаммен байланыс жасауда кішіпейілдік танытып, жауапкершілікпен қарауға және де жеке тұлға ретінде де өз денсаулықтарын күтуге, рухани даму мақсатында кітап оқуға шақырды.

Айта кетейік,бұл іссапар алдымен Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылынан бастау алып, ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкерлермен жүздескен болатын.
Жиыннан соң облыстық әдеп жөніндегі уәкіл Айман Хайрулина мемлекеттік қызметкерлерді жеке қабылдап, мәселелерін тыңдайтынын жеткізді.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы