Бөрлідегі №88 Теміржол сайлау учаскесі таңғы сағат жетіде ашылды. Бірден 15 адам дауыс беріп үлгерді. Ең алғашқы келген дауыс беруші ретінде Теміржол көшесінің тұрғыны А.Мұхамбетқалиеваға сыйлық тапсырылды.
«Біздің учаскеде сегіз адам биыл 18 жасқа толғанына байланысты биыл бірінші рет дауыс бергелі отыр. Сонымен бірге осы учаске бойынша 44 дауыс берушінің бүгін туған күні екен. Олардың бәрі де бүгін келетін шығар деп сыйлықтарын дайындап отырмыз» - дейді учаскелік комиссия төрайымы Гүлзира Ізмағамбетова.
Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы