Байқауға ауданнан 11 отбасы қатысып, бақ сынады. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттап, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру және отбасы тарихы мен дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара бірнеше кезеңнен тұрды.
«Отбасымыздың ыстық сәлемі» кезеңінде қатысушылар «Дәстүрге берік отбасы» атты тақырыппен бейнеролик ұсынды. «Өнер өнеге өрісі» айналымында қолөнер туындыларынан көрме байқауы қойылды. Байқау барысында бірі қазақтың қасиетті қара домбырасымен, бірі эстрада әнін айтса, бірі биімен көпшілікті сүйсіндіре білді.
Бас жүлде Бисенбаевтар шаңырағы жеңіп алды. Олар 30 қарашада облыс орталығында өтетін байқауда аудан намысын қорғайтын болады.
Сәнім МЕҢДІБАЙ,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!