23.03.2022, 14:30
Оқылды: 36

Бөрліде бір той өтті дүбірлеген

Бөрлі жұрты Наурыз мерекесін сән-салтанатымен жоғары деңгейде атап өтті. Ақшаңқан киіз үйлер тілігіл, алтыбақан құрылды. Күннің шуағы да қаланың басты алаңына жиналған жұртшылыққа керемет көңіл күй сыйлады. Бір-бірімен құшақтаса көріскен қариялар мен жақсы ниеттерін білдіріп жатқан жастар, мерекені қызықтап, асыр салған балалар да осы думаннан табылды. Аудан әкімі Миржан Сатқанов халықпен бірге көпшілік серуенге шығып,  аудан халқын құттықтады.

0CA6602E-E970-4E9C-81C0-EC21A0B7D4E3

Сонымен қатар бөрліліктерді ауданның бірінші әкімі Қуанышбай Төлебаев, аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Төлегенов және КПО компаниясы бас директорының орынбасары, өндіріс жөніндегі директоры Адам Лоумасстар құттықтады.

Наурыз ескіден келе жатқан есті мейрам. Мыңдаған жылдық мәні, өзге мерекелерге ұқсамайтын сәні бар. Десе де бұл мереке мейірім мен ізгіліктің бастауы іпсетті. Ақсай төрінде өткен шарада «Харекет» қоры қос көпбалалы отбасыға тұрғын үй тарту етті.  Театрландырылған көрініс, әуезді ән, күмбірлеген күй ұлттық мерекеге сән берді. Көпшілік төл мереке жалпыхалықтық сипат алып келе жатқанына қуанды. Ортаға шыққан Қыдыр ата елге ақ батасын берді.

C069B9D6-0249-41E1-B2FF-117D2B6488A5

Заманға сай жаңарып келе жатқан Әз-Наурыздан аудан тұрғындары жаңа жылдың басталуы ғана емес, жаңа Қазақстанның сипатын баян еткен бастамаларға толы жыл боларына сенеді. Думанда тұрғындар  КПО б.в. компаниясы, «Ақсайгазсервис»,  «Ақсайавтотранс», «Қазбургаз», «Конденсат» АҚ, «Бәйтерек», «Мәдениет», «Мешіт», «Фермерлер», «Емшілер» және «Балалар жылына» орай балалар ауылдары тіккен киіз үйлерінің қадірлі қонағы болды.  

Аудан әкімі Миржан Сатқанов әр киіз үйді аралап балалардың өнерін тамашалады әрі кәсіпорын, мекеме басшыларына өзінің алғысхатын табыстады.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері де ұлықталды. Бұл күні палуандар боз кілемде қазақ күресінен бақ сынаса, білек күшіне сенген жандар қол күресі, арқан тартыс сынды жарыстының көркін қыздырды. Ырысы мол мерекеде көпшілікке наурыз көже, тәтті бауырсақ пен ыстық палау тегін таратылды. 

Айым Ғабділбарқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале