10.07.2024, 18:00
Оқылды: 199

Бөрліде дәстүрлі спорттық-туристік слет өтті

Бөрлі ауданына қарасты Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка жерінде «Әкелер даңқы жолымен» атты дәстүрлі спорттық-туристік слет өтті.

2AFA285C-406E-4439-AC0F-65CC3D4319CA

Жарысқа ауданның 13 ауылдық округі командаларынан 500-ге жуық спортшы қатысты. Сайыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың абыройын көтеріп, бұқаралық спортты дамыту. Сен тұр мен атайын деген мықтылар сайысына барлық ауылдық округ командалары қатысты.

Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Дулат Имашев және спорт ардагері Қабделжамел Насипов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

F108B93B-5BAB-4AD7-8A45-AA04B3F9A4E4

Жарыстың қорытындысы бойынша дала газеті байқауында жарсуаттық команда мықтылығын танытты. Бөрлі ауылының командасы тұратын орындарын сайлауда жеңімпаз атанды. Білектілер сынға түскен арқан тартуда Кеңтүбек ауылының командасын ешкім жеңе алмады. Су жағасында орналасқан Бумакөл ауылының комадасы су туризмінен және спорттық бағдарлаудан алдына ауыл салмады.

Туристік өткелдер байқауы мен саябақ волейболында, шағын футболда Бөрлі ауылының командасы мықтылықтарын танытты. Ой сайысы дойбыда Пугачев ауылының командасы оқ бойы озық болды.

Мергендік сыналған садақ ату мен асық ату сайысында Қарағанды ауылы алға шықты. Тоғызқұмалақта Кеңтүбек ауылы, бес асық сайысында Ақбұлақ ауылы бірінші орын алды.

Күш атасын танытатын гір көтеру мен қазақ күресінде Кеңтүбек ауылы алдыңғы орынды еншіледі. Қол күресі сайысында Пугачев ауылы жеңімпаз болды.

Жалпы командалық есепте Бөрлі ауылының командасы үздік атанды. Екінші орынды Кеңтүбек, үшінші орынды Пугачев ауылының командалары алды.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале