25.11.2021, 14:40
Оқылды: 80

Бөрліде іскер әйелдердің форумы сәтті өтті

Аталған форумда алғаш сөз алған Бөрлі ауданы әкімі Миржан Сатқанов нәзік жандыларға белсенділігі мен іскерлігі және қоғамдық өмірдегі істерге белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, бірқатар қатысушыларға алғысхаттар табыс етті. Ауданның бір топ іскер қыз-келіншектерінің қолынан шыққан, көздің жауын алатын қолөнер бұйымдары арнайы ұйымдастырылған көрмеде менмұндалап тұрды.

260707302_420958576152470_5667903743522192416_n

Сондай-ақ форумда БҚО Кәсіпкерлер палатасының 1 санатты сарапшысы Жанар Досқалиева, бизнес-тренер Зульфия Көбеева және "Манукян" шаруа қожалығының басшысы Варвара Манукян баяндама жасады.

Сонымен бірге кеңестің өткен жылғы жұмысын іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты, "Конденсат" АҚ директоры Нұрия Муфтеева қорытындылады.

260628174_2884443518533765_4827958767886453028_n

Кеңес жыл бойы 25 іс-шара өткізсе, оның ішінде тәжірибе алмасу және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылау үшін ауыл әйелдерімен кездесулер, қайырымдылық және экологиялық акциялары тағы бар. Нұрия Саламатқызы сонымен қоса іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің белсенділігін айрықша атап өтті. «Осы өтіп жатқан форум да ауданның іскер әйелдер кеңесі қызметінің одан әрі дамуын анықтауға жол ашатын тағы бір мүмкіндік»,- деді ол өз сөзінде.

260648600_2884443178533799_26073873375370291_n

Біз де іскер әйелдердің мүмкіншілігін арттырып, көзқарасын айқындаған нәзік жандылар форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауыл әйелдерінің кәсіп ашуға деген ынтасы зор екенін байқадық. Заманауи, қазіргі қоғамға аса қажет бұйымдарды қолмен жасап, сапалы, сұранысқа ие қылып отырудың өзі үлкен жетістік секілді.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале