Бөрлі ауданында 40 ерікті полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалауға кірісті.
Дүниені дүрліктерген дерттің әсерінен елімізде төтенше жағдай енгізілуіне орай Бөрлі ауданында қоғамдық тәртіп қатаң бақылануда.
«Ауданымызда төтенше жағдай енгізілген тұста тұрғындардың үйде отыруы аса маңызды. Дегенмен көшеде себепсіз жүрген тұрғындардың қарасы әлі де бар. Соған орай еріктілер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысатын болады. Мен, отаншылдық пен азаматтық борышын. адалдығын ісімен танытып, полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүрген еріктілердің барлығына алғысымды білдіремін. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз осы күрделі кезеңді еңсере алатынымызға сенемін»,- деді өз сөзінде аудан әкімі Миржан Сатқанов.
Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz