27.05.2019, 10:39
Оқылды: 47

Бөрліде Құран оқудан жарыс өтті

Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов жұмыс сапарымен Бөрлі аудандық мешітінде болып, жамағатпен жүздесті.

IMG-20190524-WA0059

         Ақсай қаласындағы Алланың үйінде болған М.Әбдірахманов «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтты. Тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.

         Сонымен қатар М.Әбдірахманов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан-2» операциясы жөнінде айтып өтті. Операцияның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары негізінде жүзеге асқандығы туралы да баяндады.

         Бұдан соң Бөрлі аудандық мешітінде «Құран түскен рамазан» атты Құран Кәрімді оқу және жатқа оқу сайысы өтті. Қасиетті рамазан айында мешіт жамағаты арасында өткен сайысқа 13 үміткер қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын құран жарысын Бөрлі аудандық мешіті және «Парасат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жарыс талабына сәйкес қатысушылар Құран кәрімді қарап оқу және өзі жатқа білетін сүресін жатқа оқудан бақтарын сынады. Жарысқа Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Әбдірахманов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қ.Жакенов, Қырғызстан елінен келген қари Қ.Анарбаев төрағалық етті.

         Сайыс қорытындысы бойынша А.Задыгер ІІІ орын, Б.Мырзағалиев ІІ орын, Е.Ербөлеков І орынды иеленді. Ал бас жүлде Муджәләдә сүресін жатқа оқып, төрешілердің талаптарынан мүдірмей өткен ең жас қатысушы - 13 жасар Садурдин Сатаровқа бұйырды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

Үміт Жәңгірова,

Бөрлі ауданы

IMG-20190524-WA0061 IMG-20190524-WA0062 IMG-20190524-WA0066 IMG-20190524-WA0067 IMG-20190524-WA0064

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале