16.08.2024, 15:30
Оқылды: 276

Бөрліде «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

Қазір еліміз бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Жылдағыдай 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында өтетін бұл акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың немесе жағдайы төмен отбасылардың балаларына жаңа оқу жылының алдында қолдау-көмек көрсету. Мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік деңгейіне қарамастан мектепке толық қатысуын қамтамасыз ету.

оқушылар тоже

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz

Бөрлі ауданында да аталған акция депутаттар мен кәсіпкерлер арасында қызу қолдау тауып отыр. Аудан бойынша бүгінгі таңда 70 оқушыға 1 400 000 теңгенің оқу құралы мен киім-кешегі сатып алынып, табыс етілді.

Жақсылық жасаудан жарысып жатқандардың қатарында аудандық мәслихат депутаттары Б.Ғаділшеев, А.Елеусіновалар бар.

Сондай ақ жеке кәсіпкерлер С.Ибраева, Д.Садуақасов, Н.Больдерова, А.Сәрсенбаевалар да өз үлестерін қосуда. Игі бастамадан ауыл шаруашылығы қызметкерлері де қалыс қалар емес.

«Приуралье» ауылында қоныс тепкен «Урал» ЖШС-ның директоры С.Алмашев, «Ахатов» ШҚ-ның директоры М.Ахатов мырзалар да өз ауылының оқушыларына мырзалық танытты.

Жомарт жандардың бірі «Ақбота» ЖШС-нің басшысы А.Ғұбайдуллин мектеп оқушыларына 800 мың теңгенің оқу құралдары мен киім-кешегін тарту еткен.

Ауданда «Мектепке жол» акциясы әлі де жалғасады. Қайырымды жандардың әлі талай оқушыны қуантатынына сенім мол.                     

Дариға Нұрашова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале