18.01.2021, 9:56
Оқылды: 37

Бөрліде мектептерге көлік берілді

Бөрлі ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 15 білім ошағына оқушылар тасымалы үшін су жаңа автобустар табыс етілді.

Borli (1)

Игі істің басы-қасында жүрген аудан әкімі Миржан Сатқанов мектеп басшыларына автобустардың кілтін өзі табыстады.

«Біз елімізді жайлаған пандемияға қарамастан, балалардың жетік білім алуына барлық күшімізді саламыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына қатысты мәселелерге ерекше тоқталып, білім беру сапасын жақсарту, балалардың қабілетін дамыту, ұстаз мәртебесін көтеру, мұғалімдердің жалақысын өсіру, қолжетімді әрі сапалы білім беруде мемлекет қарапайым мектептерге қолдау көрсетеді» деп атап көрсеткендей, біздің ауданымызда білім беру саласын дамытуда жүйелі іс-шаралар іске асырылуда.

Borli (2)

– Өткен жылдың үнемделген аудандық бюджет қаражаты есебінен ауданымыздың 15 мектебіне шағын автобустар алып беру мүмкіндігі туды. Бұл аудан тұрғындары, мектеп ұжымдары, оқушылары үшін үлкен қуаныш!

Аталған автокөліктерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектеп ұжымдарына табыстай отырып, оқушыларының тасымалына, олардың  сапалы да саналы білім алып, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат болып өсіп жетілуіне септігін тигізеді деп сенім білдіремін, – деді аудан басшысы Миржан Сатканов.

                                           Сәнім Меңдібай

                                            Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале