6.10.2020, 16:47
Оқылды: 44

Бөрліде праймериз қорытындысы белгілі болды

Бүгін Бөрлі ауданында праймериз қорытындысы шығарылды.

НО

Осыған орай «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Миржан Сатқанов праймеризге қатысушылармен кездесті. Дауыс беру қорытындысы бойынша 22 кандидат анықталды. Олардың ішіндегі ең үлкені - 58 жаста болса, кішісі – 23 жаста. Онлайн-дауыс беруге партияның 1893 мүшесі қатысқан. Бұл партия мүшелерінің жалпы санының 88 пайызын құрайды.

Сондай-ақ саяси додаға белсенділік танытқандары үшін әр қатысушыға аудан басшысы алғыс білдіріп, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғ.Есқалиевтың алғысхатын табыстады.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале