26.06.2024, 16:15
Оқылды: 171

Бөрліде «QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті

Бөрлі аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жұмысшы жастар арасында қазақша «QUIZ» интеллектуалды ойыны өткізілді.

DDBD3313-327D-4160-BE98-D08B80F916BC

Ұшқыр ой мен жылдамдықты талап ететін бұл ойынның басты мақсаты – жастар арасында достық қарым-қатынасты дамыту, өндірістік мекемелерде қызмет жасайтын жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік жасау.

Ойында әр саладан жиналған сен тұр мен атайын деген «Бөрлі», «Қарашығанақ», «КПО б.в компаниясы», «Жасыл Ел», «Найза», «Элита»,  «Бейбарыс»,  «Парасат», «Жастар» командалары бақ сынады. Ойын «Жауап бер», «Тұлғаны таны», «Ортақ сөз», «Кино көрем» және «Бәс» деп аталатын 5 кезеңнен тұрды.

Тартысты ойында «Жасыл Ел» командасы үздік атанып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Қарашығанақ» командасы алса, үшінші орынға «КПО б.в командасы» қол жеткізді. Сайыстың «Үздік ойыншы» аталымын Нұрдаулет Хамидоллаұлы иеленді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан алғысхаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале