25.10.2024, 10:06
Оқылды: 197

Бөрліде Республика күні аталып өтті

25 қазан – елімізде Республика күні. Республика күні еліміздің мерекелер тізіміне 2022 жылы енді. Биыл үшінші рет тойланып отыр. Сонымен қатар Республика күні еліміздегі жалғыз ұлттық мейрам.

image-25-10-24-12-05-17

Ұлттық мерекеге орай, Бөрлі аудандық мәдениет үйінде «Менің елім - Қазақстаным» атты Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының кіргізіліп, Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Алдымен аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов сөз сөйлеп, аудан халқын айтулы күнмен құттықтады.

image-25-10-24-12-05-11

- Құрметті аудан тұрғындары, баршаңызды ұлттық мерекеміз Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, туған өлкеге деген адал еңбектің нәтижелі нышаны деп білемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынғандығы белгілі. Бұл саяси шешім егемендіктің салмағын еселеп, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті. Тарихи мәні терең айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істері мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың рухын оятып, жауапкершілік сезімін қалыптастыратыны сөзсіз. Еліміздің кемелдену жолында адал еңбектің құндылығын биік қоятын Бөрлі жұртшылығы ұлы мерекені кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенемін, - деп аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы Республика күніне орай ауданымыздың дамуына үлес қосқан бірқатар жандарды марапаттады.

Су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысқаны үшін аудан әкімі ҚР Қорғаныс Министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың естелік сыйлығын мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Айбек Унаевтың марапатын анасы Нұрлыгүл Унаеваға және «АMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің алғысхатын аталған партияның белсенді мүшесі Надежда Клышбаеваға табыстады.

IMG-20241025-WA0026

Аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы «Мәдениет саласының мәртебелі маманы» төсбелгісімен аудандық демалу орталығының дәстүрлі әншісі Жаңыл Чугированы, «Еңбек үздігі» медалімен «Ақ жұлдыз» би ансамблінің жетекшісі Людмила Морозованы, «Назқоңыр» фольклорлық ансамблінің баяншысы Алексей Кобаны және «Ғұмыр» вокалдық тобының жетекшісі Ольга Романадтарды марапаттады.

Республика күні қарсаңында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Қаржауов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Карабаевтар марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімі БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының алғыс хатымен, аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың алғыс хаттарын табыстады.

Ұлттық мереке қарсаңында аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы аудандық Мәслихат төрағасы Қайрат Ермекбаевпен бірге ауданымыздың дамуына үлес қосқан Талғат Нығметов пен Айтбай Тастайбековке «Бөрлі ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Және аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Төлегенұлы БҚО мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлейменнің алғысхатымен еңбек адамдары Балсекер Абдиғалиева, Қалампыр Кульжемиева, Руслан Камалов, Жазира Едресова және Нуфтулла Кадыргалиевтерді марапаттады.

Салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысының 2017 жылғы 16 тамыздағы №532 Жарлығымен бікітілген мемлекеттік қызметшінің антын мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ернұр Құмарғали қабылдады.

IMG-20241025-WA0027

IMG-20241025-WA0030

Әрі қарай салтанатты жиын аудандық демалу орталығы өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

IMG-20241025-WA0024

IMG-20241025-WA0025

IMG-20241025-WA0028

IMG-20241025-WA0029

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале