22.08.2024, 18:00
Оқылды: 178

Бөрліде «Шекараны бүкіл халық күзетеді» патриоттық акциясы өтті

16-31 тамыз аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаменті офицерлерінің бастамасымен, облыстық әкімдіктің қолдауымен «Шекараны бүкіл халық күзетеді» атты патриоттық акция басталды.

9D3C8072-B9AC-4EF8-BDA1-574F2B091857

Патриоттық науқан шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны қорғауға халықтың өз үлесін қосуы мақсатында ұйымдастырылып отыр. Себебі ата-бабамыздың күшімен бізге мұра болып қалған жеріміз бәрімізге ортақ.

Акция облысымыздың шекаралық жеті ауданында өтеді деп жоспарланған. Аталмыш науқан Бөрлі ауданында 21-22 тамыз күндері өтті. Акция алдымен аудандық әкімдікте өткен кездесумен бастау алды.

Оған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Алтай Тоғжанов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің офицері Жандос Ахметбеков, аға лейтенант Дидар Нұртөлеу, аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Төлегенов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әли Бектұрғанов, БҚО жауынгерлік іс-қимыл және жергілікті соғыстар ардагерлері одағы облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлішер Ашурматов, шекара маңында орналасқан ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

C360977B-13E3-4A7A-92F2-36D175A104EB

Кездесуде аталған акция аясында қандай шаралар ұйымдастырылатыны, аудан халқын шекарамызды қорғауға өз үлестерін қосып, шекарашыларға көмектесу керектігі жөнінде талқыланды.

– Қазіргі уақытта облыс бойынша аталмыш акция жүріп жатыр. Негізгі мақсат – жергілікті тұрғындарды шекараны қорғауға, күзетуге тарту. Қазіргі уақытта БҚО-ның аумағында шетел азаматтарының шекара бұзу әрекеттері байқалуда. Мысалға, Ауғанстан, Пәкістан, Самали, Шри-Ланка, Үнді елдерінің азаматтары біздің елдің шекара маңында ұсталып жатыр. Сол себепті жергілікті тұрғындардың қырағылығын арттыру мақсатында, күдікті өзге ел азаматтарын көрген жағдайда бізге қалай ақпарат беру керектігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үстіндеміз. Олардың басты мақсаты – Еуропа елдеріне жетіп алу. Сол үшін олар ТМД елдері арқылы жүреді. Олар елімізге заңсыз кіріп, қандай да бір қылмыс жасап, шекара маңында орналасқан ауылдардағы үйлерді де тонауы мүмкін. Бұндай жағдайлар осыған дейін болған. Мемлекеттік шекара ата-бабамыздың қанын беріп, жанын беріп бізге қалдырған аманаты. Барымызша, қолымыздан келгенше оны қорғау біздің міндетіміз, - дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің офицері Жандос Қабижанұлы.

C2338827-606B-4CA5-9EE4-6CD8A768579A

Науқан аясында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін «Ақсай» шекара бөлімшесінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуге қатысқандар ауыл мектептерінің оқушыларымен бірге бөлімшеге барып, шекарашылардың әртүрлі жағдайда киетін киімдерімен, қолданатын көліктерімен және қару-жарақтарымен танысты.

Сонымен қатар «Ақсай» шекара бөлімшесінде кинолог пен үйретілген иттер бар екен. Шара қатысушыларына кинолог мамандар арнайы үйретілген итпен қалай жұмыстанатындарын көрсетті. Сонымен қатар ауданымызда орналасқан бақылау мұнарасына барып, «Ақсай» шекара бөлімшесі қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

85B3FF28-0E92-43DD-B059-F5BC85114318

– «Ақсай» шекара бөлімшесі 2002 жылы 20 маусымда құрылды. Біз Бөрлі ауданы аумағындағы мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырамыз. Күнделікті шекара нарядтары, шекара қызметінің әскери қызметшілері аумақты күзетуге жіберіледі. Бір жылдың көлемінде біз Орта Азия мемлекеттерінің 120-дан астам азаматының мемлекеттік шекараны бұзғанын анықтап, ұстадық. Әрі қарайда осы жұмыстарды ұйымдастырып келеміз. Сонымен қатар бөлімшеде ұйымдастырылатын іс-шара, құжаттамалар бар. Әскери қызметшілермен дене шынықтыру, арнайы дайындық сабақтарын жүргіземіз. Шекара нарядында қандай іс-әрекеттер істейтіндерін сабақ уақытында жеке құрамға үйретеміз. Кейбір адамдардың жеке заттарын тексеру барысында әртүрлі есірткі заттары, заңсыз тауарлар анықталып жатады. Оларды жоюға, ұстауға біз әрдайым жұмыстанамыз, - дейді «Ақсай» шекара бөлімше бастығының орынбасары, лейтенант Бейбарыс Дәулетұлы.

E5214BB7-EF8E-4C68-8A10-6F2107CC32B6

Патриоттық науқан аясында мамандар аудандағы шекарада орналасқан ауылдарға, Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, жол бойындағы және шекаралық аймақта орналасқан кемпингтер, дүкен, қонақ үй, теміржол вокзалы, жанар-жағармай құю станциялары, кафе, такси тұрақтарына барып, сол жерлерде жұмыс жасайтын қызметкерлермен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Бүгін біздің ауылымызға шекара қызметкерлері келіп, халыққа түсіндіру жұмысын жүргізді. Әңгіме барысында ауыл халқы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Осындай түсіндіру жұмыстары әрқашан болуы керек деп ойлаймын. Мен де штаттан тыс шекарашымын. Маған да осы кездесу барысында шетел азаматтарын көрген жағдайда не істеу керектігі туралы түсіндірді. Мен өзіміздің ауылдың маңын әрдайым тексеріп отырамын. Өз ауылымның халқының бәрін білемін, жақсы танимын. Қазіргі уақытта бізде бәрі жақсы, тыныш, - дейді шекара маңындағы ауыл тұрғыны, штаттан тыс шекарашы Сұлтангерей Абигов.

038B0B8B-831B-4564-A5AD-E32857F462E3

Бүгін ауданда патриоттық акцияның екінші кезеңі жалғасты. Бұл күні де шекарада орналасқан ауылға барып, тұрғындармен кездесу өтті.

Сонымен қатар жол бойында такси, жүк көлігі жүргізушілерін тоқтатып, оларға аталмыш акцияның маңыздылығын, облысымыздың шекарасы аумағында әртүрлі жағдайлардың  болып жатқандығы түсіндірілді.

Екі күнге созылған акцияның соңы Бөрлі ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Алтай Тоғжановтың «Шекараны бүкіл халық күзетеді» атты патриоттық акциясының челленджін Шыңғырлау ауданына жолдауымен аяқталды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале