28.09.2021, 21:13
Оқылды: 67

Бөрліде желаяқтар жарысты

Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылындағы "Алғабас" тауларында аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және "Uralsk Runners” жүгірушілер клубының бірлесе ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ашық жүгіру марафоны өтті.

F4EBBCC8-952B-4BDB-A209-0366CE409EFC

Жарыстың ашылу салтанатына Бөрлі ауданының әкімі Миржан  Сатқанов, БҚО жеңіл атлетика федерациясының президенті, жарыстың бас төрешісі Тимур Жукушев, Жайық Моторс компаниясының директоры Бисенов Алтынбек, Uralsk Runners жүгірушілер клубының мүшесі Мухамбеткалиев Руслан, Атырау қаласынан арнайы келген қонақ Қалиев Нұрғали, Ақтөбе қаласының "Iron Tulip" триатлон командасының мүшесі Орынбасар Нұргүл қатысты. Аудан әкімі және аталғандар жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа қатысушы командалар: "Uralsk Runners", "Aksai Runners", Сырым ауданынан "Sirim Runners", Атырау, Ақтөбе  жүгірушілер командасы және т.б.

89CA9448-F209-4F4C-8C60-C9660F6EFB56

Жарыстың қорытындысы бойынша: 200 метр, 4-5  және 8-9 км қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы жүгіру жарысында жүлделі орын алған жеңімпаздар Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі "Ақсай" мәдени-бұқаралық ұлттық ат спорты кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале