Бөрлі ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың «Туған жер» бағыты аясында қала күніне орай жерлестер форумы өтті.
Шараға ел алдында жүрген сондай-ақ, осы елде туып-өсіп, қызмет жасаған азаматтар қатысты.
Форумның алғы сөзін Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы Ә.Куликешов бастап сөйлеп, жерлестеріне толағай табыс, жарқын жетістік тіледі. Мұнымен қоса, ауданға еңбегі сіңген азаматтарға «Бөрлі ауданының құрметті азаматы» берілді. Әлі де ауданның қоғамдық өмірінен қол үзбей келе жатқан бір қатар азаматқа алғыс хат табысталды.
Жиын барысында туған жерге жанашырлық танытқан, жомарт жандардың игі істерін көрсеткен бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды.
Жылы жүздесудің сәнін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кіргізе түсті.
Сәнім Меңдібай,
Бөрді ауданы