13.12.2021, 22:57
Оқылды: 58

Бөрлідегі күй тартыс

Бөрлінің домбырашылары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап күйден шашу шашты.

2

Нақтырақ айтсақ бүгін жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» атты акцияда, қаламыздағы тұрғындар жиі бас сұғатын «Жарсуат» сауда үйінде Бөрлі саз мектебінің «Жігер» оркестрі ұлттық аспапта күй шертті. Олар «Ерке сылқым», «Ақыртас» күйлері мен халық әні «Қаракөзді» орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

9

«Мереке қарсаңында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырудағы басты мақсат – ұлттық мәдениет пен қазақтың көне тарихи ұлттық музыкалық аспабы – домбыраны сақтау, халық әні мен күйді насихаттау»,- дейді жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Б. Байқадамова.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале