4.08.2018, 18:46
Оқылды: 74

Бөрлідегі құрылыс қарқыны көңіл көншітеді  

 

Azbaev Aksay (1)Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болып, өңірде құрылысы қарқын алған бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.


 

Бағдат Оразалдыұлы алдымен Ақсай шаһарындағы төртінші және бесінші шағын аудандардың жылу және ыстық-салқын су жүйесін қайта құрылымдау жұмыстарымен   танысты. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асып жатқан жобаның жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Су жүйелерінің құрылысы жылу беру маусымына дейін аяқталады. Аталған жоба аясында қос ықшамаудандағы сыртқы жылу жүйелері мен ыстық сумен қамту желілері күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылады.  Бұл өзгерістер жылудың баспаналарға дұрыс жетуіне ықпал етеді. Желіні күрделі жөндеу өткен жылы басталды. Жоба бойынша, былтыр басты магистраль ауыстырылып, қалғаны биыл жаңартылуда. Құрылысқа жауапты мердігер жүктелген жұмысты салқын түспей аяқтап, тапсыратынын айтады.

Одан соң шаһардағы жалпы білім беретін №3 орта мектепке бас сұқты. Отыз жыл бұрын салынған білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектеп ішін аралап шыққан облыс әкімінің орынбасары жөндеуге қажетті құжаттарды тездетіп даярлап, жөндеуге қаражат бөлуді тапсырды.

Azbaev Aksay (4)Іссапар барысында Бағдат Оразалдыұлы облыстық маңызы бар Ақсай-Жымпиты тас жолын жөндеу жұмысын тексерді. Мердігер «Юнисерф» ЖШС жобаның бірінші кезеңінде 38-53 шақырымда (15 шақырым) жол жөндеу жұмыстарын «АқсайБизнесСтрой» ЖШС іске асыруда, жобаның сомасы - 1 958,014 млн. теңге. Екінші кезеңде 53-68 шақырым (15 шақырым) жөндеу жұмыстарымен «Асфа» ЖШС айналысуда. Бұл жобаның жалпы сомасы - 1 943,729 млн теңге.

Тексеру барысында Б.Азбаев әр мердігермен жеке сөйлесіп, жұмыстың сапалы әрі уақытылы тапсыруды міндеттеді. Өткен жылдың маусым айында басталған құрылыс жұмыстарын қос мердігерде ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.

Одан соң бес қабатты 120 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Мұнда апатты жатақханада тұрған 74 отбасы 204 адам мен бюджеттік сала мамандары қоныстанатын болады. Ғимарат тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінде комиссияға қажетті әрбір отбасы үшін құжаттарды жинақтайтын папкалар жасақталып жатыр. Бүгінгі күнде комиссия тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдауда. Осы аптада лотерея арқылы пәтерлер анықталып, кілттер табысталады. Жоба құны – 635 423,0 мың теңге.

Azbaev AksayСапар барысында облыс әкімінің орынбасары Ақсай қаласының солтүстік бөлігінде салынып жатқан 240 орындық балабақша құрылысымен танысты. Бүгінде ауданда 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 99 пайыз балабақшамен қамтылды. Дегенмен әлі 2000-нан астам бүлдіршін өз кезегін күтуде. Салынып жатқан бөбекжай қыркүйек айында пайдалануға берілсе, өңірдегі бүлдіршіндерді қамту мәселесі түбегейлі шешіледі.

Одан соң Бағдат Азбаев Кеңтүбек ауылына барды. Онда «Аймақтарды дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде ауыз су желілері тартылуда. Құрылысты қолға алған мердігерге Б.Азбаев жөндеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін бітіруді тапсырды. Аталған жұмысқа республикалық және облыстық бюджеттен 108 млн. теңге қаражат бөлінген.

Облыс басшысының орынбасары Бөрлі ауылында бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстарын тексерді. Аталмыш нысандар спорт күні қарсаңында пайдалануға беріледі. Нысанды қолға алған мердігер «КАЕС Строй КО» ЖШС болса, жоба құны 318 522,0 мың теңгені құрап отыр. Сауықтыру кешенінде бокс, күрес, ауыр атлетика, ойын залдары болады.

Одан соң Бағдат Оразалдыұлы Қанай ауылында жас мамандарға салынып жатқан жатақхананың құрылысымен де танысты. Нысан құрылысы уақытылы басталғанымен, қазірде құрылыс қарқыны баяу. Жатақхананы тапсыру тамыз айының аяғына жоспарланса, мердігер бұл уақытқа үлгермейтіні белгілі болды. Сапар барысында облыс басшысының орынбасары құрылыстың сапалы болуын қатаң тапсырды. Жас мамандарға арналған мұндай жатақханалар Приурал, Пугачев пен Кеңтүбек ауылдарында бой көтерді. Биыл Қанай мен Жарсуат ауылдарында бой көтеруде.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Azbaev Aksay (3)

Azbaev Aksay (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале