«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясы мен Бөрлі аудандық ауруханасының бірлескен әлеуметтік-медициналық жобасының орындаушысы болып табылатын" Проспект Медикал Каспиан" командасына жаңа қатысушы қосылды. Ол - дәрігер Джавед Аслам Шами.
Шығыс Англияның Оксфорд қаласында жоғары білім алған. Ирландия және Ұлыбританиядағы Корольдік хирургтар колледждерінің стипендиаты,
1979-1985 жылдарда Жалпы медицина және жалпы хирургия бакалавры бойынша білімін жетілдірген (Лахор, Пәкістан)
1992-2000 жылдар аралығында Жоғары білім және мамандар даярлау бойынша Шығыс Англияның Оксфорд қаласында оқыған.
2000 жылдан 2018 жылға дейін – Англия мен Уэльстің хирург-консультанты, (бұл Еуропа елдерінде өткен практиканың жоғары дәрежесі болып табылады)
Сондай-ақ дәрігер Шами Коло-ректалды және жалпы хирургияның кеңесшісі, тоқ ішектің, жамбас қабатының анопроктологиясы мен патологиясы бойынша сарапшы және грыжа мен іш қабырғасын кешенді қалпына келтіру бойынша сарапшы.
Қазіргі уақытта білікті дәрігер Бөрлі аудандық ауруханасы жобасында 4/4 апта ротациялау бойынша жұмыс істейді.
Бөрлі аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне және облыс мамандарына хирургиядағы заманауи технологияларды үйретуге дайын.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz