Ақсай қаласындағы №4 орта мектебі базасында ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жылдағыдай бөрлілік түлектермен қатар, Шыңғырлау ауданының мектеп бітірушілері де осында сынақтан өтуде.
Салтанатты шарада сөз алған Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Е.Ихсанов балаларға мектеп қабырғасында алған білімдерін дәлелдеп, сынақты ойдағыдай тапсырып шығуларын тіледі.
Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлмира Сембиеваның айтуынша, ҰБТ-ға Бөрлі ауданынан 227 оқушы, Шыңғырлаудан 61 бала қатысуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сынақтың өту барысын арнайы қадағалауда. Түлектерді ғимаратқа металл іздеуішпен тесеріп, төлқұжаттары мен сынаққа кіруге арналған рұқсат қағаздарына мұқият қарап кіргізді.
Ясипа РАБАЕВА,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz