16.02.2021, 16:34
Оқылды: 56

Бөрлілік Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов Ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалист Жетпісбай Бектеміров пен «Ауған соғысы мүгедек-ардагерлерінің Бөрлі аудандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хадиахмет Кутлугильдинді қабылдады.

б1

Сөз басында Миржан Мұнайдарұлы: «Кеңес дәуірінің тарихыда ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Бөрлілік азаматтар да Отан алдындағы интернационалдық борышын абыроймен адал атқарып, от пен оқтың ортасында жүріп, қанды шайқаста батылдық пен еріктің өшпес өнегесін көрсетті. Өздеріңіздің ерлікке толы қаһармандық істеріңіз жастарымызға үлгі бола беретініне сенімдімін. Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы», - деді.

б2

Сондай-ақ шарада Ауған соғысының тарих қатпарында ерекше оқиға ретінде сақталатынын тілге тиек етілді. Аудан әкімі қос ардагерге «Бөрлі ауданына 85 жыл» мерейтойлық төбелгілерін табыстап, алғыс хат ұсынды.

«Бөрлі жаршысы»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале