Бөрлілік егіздер Бауыржан мен Гүлшара Сарбупеевтер сайлауға алғаш рет қатысып отыр.
-Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміз үшін бұл сайлаудың маңызы зор. Біз өз Отанымыздың келешегі кемел болуы үшін дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға алғашқылардың бірі болып бардық. Замандастарымды да саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамыз, - дейді егіздер.
Алғаш дауыс беруші Бауыржан мен Гүлшараға сыйлықтар табыс етілді.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz