Бөрлі ауданының еріктілері, яғни «Адам бол» қоғамдық қоры, «Парасат» қоғамдық бірлестігі, Ақсай қаласы мешіті, «Берекелі жамағат» қоры, «Volunteers aksay» штабы бірігіп, көмекке мұқтаж 45 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Бір отбасыға ұсынылатын қоржында күнделікті тұтынатын азық-түлік заттары мен тәттілер бар.
- Пандемия кезеңінде де біз жақсылық жасауды үзбеуге барынша кұш салып келеміз. Әрине, көп мекемелерде жұмыс тоқтап, қаржылық жетіспеушіліктер орын алып жатқандығы рас-ақ. Алайда соған қарамастан еріктілердің есепшоттарына қайрымдылық мақсатындағы қаражаттар түсіп жатыр. Бұл халқымыздың, аудан тұрғындарының жақсылыққа қашан да дайын екендігін аңғартса керек. Осы жолы мұқтаж 45 отбасына азық-түлік қоржынын ұсындық. Алдағы уақытта бұл істер жалғасын табатын болады. Қолдау білдірген барша жандарға мың алғыс,- дейді Бөрлі ауданының бас имамы Қанат Жакенов.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz