21.02.2018, 12:14
Оқылды: 44

Бөрлілік «Глобус» театрының құрылғанына 1 жыл толды

Бөрлі ауданындағы «Глобус» театры өнегелі қойылымдармен аудан жұртшылығын қуантып жүр.

Ешкімге ұқсамайтын өнер ұжымының бағыты, стилі де өзгеше. Дегенмен басты мақсат - оқушыларды актерлік шеберлікке баулып, өнерге таласы бар шәкірттерді көптеп шығару.

Жас ерекшелігі 5 пен 17 жас шамасындағы шәкірттер әр бір рольге жауапкершілікпен қарап,  түрлі жанрдағы қойылымдарды шебер орындайды.

Өнер ұжымы өз көрермендеріне «Бағдаршам» атты мюзикл-концерт қойып, «Глобус» балымен қорытындылады. Театр жетістіктері аз емес. Өткен жылы Бурабай өлкесінде өткен республикалық «Ақ желең» байқауында топ жарды. Бүгінде тұрақты көрермені бар өнер ұжымының арманы асқақ.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Фото: Сұлтан Исянкүл

глобус 2  глобус 5 глобус 8 Глобус театры. глобус тетатры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале