14.05.2025, 10:15
Оқылды: 227

Бөрлілік кітапханашылар байқауда бақ сынады

Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-де мектеп кітапханашыларына арасында «Әдебиет әлемінде» атты аудандық байқау өтті.

КІТАПХАНАШЫ (1)

Аталған байқау мектеп кітапханашыларын қолдау, шығармашылық қабілеттерін ашу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, көркем әдебиеттердің дамуына үлес қосу мақсатында оздырылған шара. «Әдебиет әлемінде» байқауына аудан мектептерінен 12 кітапханашы қатысып, бақтарын сынады.

Байқау «Әдеби тест», «Адасқан шығармалар», «Иә/Жоқ», «Библиографиялық шолу» атты төрт кезеңнен тұрды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Ақсу МББК кітапханашысы Ботагөз Құдабаева қатарластарын оза шауып, І орынды қандығасына байлады. Ал Бумакөл МББК кітапханашысы Кенжегүл Қайырбай мен №8 ЖОББМ Айкөркем Исбатыр ІІ орынға, Приурал МББК кітапханашысы Айнұр Мендешова, Жарсуат ЖОББМ кітапханашысы Фатима Боранкұлова және №1 ЖОББМ кітапханашысы Самал Аленовалар ІІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ Бөрлі ЖОББМ кітапханашысы Елена Вавилина «Кәсібіне адал қызметкер», Қарасу МББК кітапханашысы Қымбат Салақбаева «Мамандығына ғашық жан», №4 ЖОББМ кітапханашысы Әлия Рахматжанқызы «Кітапханалық креатив» аталымдарымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале