1.03.2023, 17:45
Оқылды: 39

Бөрлілік қос ару ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Қостанай қаласында өткен шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы ҚР чемпионатына Бөрлі ауданының спортшылары да қатысып, үздік нәтиже көрсетті.

A2690E60-5D65-4859-A807-67C69AEBD497

Жарыстың алғашқы күні еркін әдіспен 5 шақырым қашықтықта Мадина Жақсылықова І орынды жеңіп алып қуантса, дәл осы әдісте 3 шақырым қашықтықта Жанерке Тудахунова да топ жарып, бірінші орыннан көрінді.

Жарыстың үшінші күні қоржынға тағы қос алтын медаль түсті. Бұл жолы 1 200 метр спринт қашықтықта бақ сынаған Мадина Жақсылықова мен кіші топтағы спринтерлер арасында Жанерке Тудахунова екінші мәрте жеңімпаз атанды.

2F3CBE6E-3487-45AD-BD93-4CE4D1B8D31E

Шаңғышыларымыз классика әдісімен 3 шақырым қашықтыққа жүргіруде де өз мықтылықтарын дәлелдеп, алдарына жан салмады. Сөйтіп тағы Мадина мен Жанерке алтын медальды мойындарына тақты.

Қос спортшымыз еліміздің абсолютты чемпиондары атанды.

Сондай-ақ, аталмыш чемпионатта Ләйла Мукатова, Анастасия Соколова, Адильбек Сарсембаев, Арын Тажибаевтармен бірге, 20 үздік спортшының қатарында өнер көрсеткен Алдияр Исаев мен Дамир Жубаниязов сынды аудан спортшылары өз бақтарын сынады.

Спортшыларды жарысқа дайындаған шаңғы жарысынан аға жаттықтырушы Ислам Сагиналиев.

– Ислам Сагиналиев есімі көпшілікке мұғалім ретінде таныс. Ол өзінің орынын шаңғы спорты арқылы қалыптастырды. Ауданда бұған дейін шаңғы спорты болмады деуден аулақпыз. Алайда Ислам ауданның ғана емес облыстың шаңғы спортына жаңа серпін әкелді десем артық айтқаным емес. Оның шәкірттерінің алды арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде білім алуда. Кешегі Қостанай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы додада Исламның Мадинасы мен Жанеркесі қандай сында болсын алдарына қара салмай үздік келді. Шаңғының еркін әдіс, спринт, калассика түрлері бойынша да қарсылас шақ келтірмеді. Мұның артында қанша еңбек пен тер жатқаны өздеріне мәлім. Алайда Исламның күн-түн демей, суық, аяз демей үнемі жаттығу жасап жататынына біз куәміз. Мұндай жанкешті ұстазды шеберлер ұстаханасының ұстазы демей көріңіз. Оның оқушылары әлі-ақ олимпиадада атой салады. Тек қолдауды аямай, жетпей жатқанын түгендеп, толықпаған жерін бүтіндеп отырсақ бағындырар шың алда екеніне сенім мол, - дейді әріптесі Мейрамбек Сыдықов.

Спортшылар мен жаттықтырушысы аталған жарысқа баруға қолдау білдірген Бөрлі ауданының шаңғы федерациясына алғыстарын білдірді.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале