10.07.2024, 16:45
Оқылды: 219

Бөрлілік қыздар командасы волейболдан республикалық мектеп лигасында чемпион атанды

Астана қаласында жас жеткіншектерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортын дамыту мақсатында дәстүрлі түрде 7-8 сынып қыздары арасында ұйымдастырылатын волейболдан республикалық ұлттық мектеп лигасында Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің қыздар командасы топ жарып, чемпион атанды.

жеңімпаздарға құрмет (2) (1)

Командаға осы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айдос Ашығалиев жетекшілік етеді.

Облыс намысын бермей, биік тұғырдан көріне білген команда мүшелерін вокзалда құрметпен қарсы алды. Жеңімпаздардың мерейін асырған шараға ата-аналары, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабев, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Есенаман Стамғазиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Рима Бекмұхамбетова, Ақсай қаласы №4 ЖОББМ ұжымы, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

жеңімпаздарға құрмет (3)

Оқушылардың құшағы гүлге толып, құрмет пен қошеметке бөленді. Алдарынан қызыл кілем төселіп, әуелете ән шырқалды.

– Осындай құрмет үшін баршаға алғыс білдіремін. Біздің оқушыларымыз 15 команданың ішінен үздік атанды. Әрине ойын оңай болған жоқ. Қыздар  барлық үш жігерін салып, жеңімпаз атанды. Алдағы жоспарларымыз өте көп. Осы бағытта талмай жұмыс жасай беретін боламыз, - дейді бапкер Айдос Ерменбетұлы.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале