21.10.2023, 12:40
Оқылды: 120

Бөрлілік палуандар Дүниежүзілік жарыста жеңімпаз атанды

Кеше, Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталғаны белгілі. Шараның ашылу салтанаты Green Halls кешенінде өтіп, ауқымды іс-шарада 80-нен астам мемлекеттің өкілдеріне түрлі қойылымдар, жекпе-жек түрлерінің ерекшелігі жайлы көріністер ұсынды.

3217643589462091743

Бұл ойындарға Қазақстан спорттың 9 түрінен 53 атлеттен делегация жасақтаған. Жарыстың алғашқы жүлде жиынтығын самбошылар сарапқа салып,​ бозкілем шеберлері елге алғашты медальдарды алып келді. Соның ішінде, бөрлілік палуан, мақтанышымыз 64 келі салмақта бақ сынаған​ Әділбек Сеисов қола жүлдеге ие болды.

20231021_071109

Ал, Темірлан Көлбай спорттық самбодан +88 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол финалда сербиялық Владимир Гаичті ұтып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды алып келді.​

Қос палуанның жаттықтырушысы Қасым Қаженов шәкірттерінің жетістіктеріне риза екенін айтып, толқынысын жасырмады.

- Екі баламда Қазақстан құрамасы сапында​ бақтарын сынады. Әділбек финалға жолдама алар кезде өзбек палуанына сәл ұтылды, дегенмен қола медаль алды. Ал, Темірланым чемпион атанды. Осылайша, Қазақстан самбо тарихында Дүниежүзілік самбо ойындарында жеңіске жеткен алғашқы қазақ палуаны болды. Тарихи жеңіс деп айта аламын. Бұл жерде үлкен еңбек жатыр. Әділбек Қызылтал ауылының тумасы. Алғашқыда Қайрат Шарипов бастап дайындап, сосын менде жаттықты. Темірлан болса кішкентайынан менде жаттығып келе жатыр. Екеуіде еңбекқор жігіттер. Тек аудан немесе облыс емес, Қазақстанның атын шығарып жүрген мақтаныштарымыз. Қазіргі таңда екеуіде Орал қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы​ Райымбек Меңдіғалиевте жаттығады.

20231021_071121

Айта кету керек, Бөрлі ауданының әкімдігі спорттың дамуына көп көңіл бөліп отыр. Облыстық спорт басқармасы, самбо федерациясының да қолдауы зор. Ауданымызда Нұргелді Саратаев деген кәсіпкер жігіттіңде көп көмегі бар. Қазақ, "жалғыздың үні шықпас" дейді ғой. Бұл жеңіс осындай жанашыр жандардың қолдауының арқасында келді, әрі алдағы Республика күні мерекесі қарсаңында ауданымызға тамаша сый болды, - дейді қос палуанның жаттықтырушысы Қасым Қаженов.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале