Астана қаласындағы спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер мен зағип жандар арасындағы Азия және тынық мұхиты аймағы чемпионаты өткен болатын.
30 мемлекеттен келген 600-ге жуық спортшының басын қосқан чемпионатқа
бөрлілік спортшылар да қатысқан еді.
Жарыстың алғашқы күні-ақ ардагерлер арасындағы жүлдегерлер анықталып, жерлесіміз, спорттың тоғызқұмалақ түрінен жаттықтырушы, облыс сапында өнер көрсеткен ауданымыздың спорт ардагері Айтбай Тастайбеков М-6 (60-64 жастағы ардагерлер) категориясында 98 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанды.
Одан кейін, дүбірлі додада жауынгерлік самбодан 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Әділбек Сеисов қарсыластарын тізе бүктіріп, Азия чемпоны атанып, жерлестерінің қуанышын еселеді.
Ел намысын мақтанышымыз Темірлан Көлбай да қорғап, боз кілемде қарсылас шақ келтірмей екі салмақта яғни +88 келі (әлемдік ойындарға іріктеу) және +98 келі өз салмағында чемпион атанды. Осылайша Темірлан Азияның үш дүркін чемпионы атанды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz