Жақында «Өрлеу» ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауы өткізілді. Байқау орта білім беру ұйымдары білім алушыларына қазақ халқының мәдениетін, төл әдебиетін кеңінен насихаттау, медиасауаттылыққа баулу, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында оздырылды.
Аудандық және облыстық кезеңнің нәтижесінде Ақсай қаласының №4 ЖОББ мектебінің 4-сынып оқушысы Перизат Бекет «Жыр жауһары» аталымы бойынша І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Ал Перизатты осы байқауға дайындаған жетекшісі - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Ақсамал Дүйсембаева.
Ақсамал Серғазықызы да осы байқаудың аудандық, облыстық кезеңдерінде «Ұлағатты Ұстаз Күнделігі» аталымы бойынша қатысып, І орынға ие болды.
Аудан, облыс намысын қорғаған Перизат Бекет республикалық кезеңде де үздік деп танылып, І орынмен марапатталды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы