12.09.2023, 15:15
Оқылды: 52

Бөрлілік спортшы Азия чемпионы атанды

10-12 қыркүйек күндері аралығында Ливан мемлекеті Бейрут қаласында паратаеквондодан VIII ашық Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшесі, батысқазақстандық спортшы, бөрлілік Марьям Салимгереева К-44 категориясында 65 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.

7E5B18A2-7967-4DE3-92B8-6F3D052391CD

Марьям алғашқы қарсыласы болған тайландтық спортшыны 20:7 есебімен жеңсе, финалдық бәсекеде ирандық спортшыны 12:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Жалпыкомандалық есепте әйелдер арасында Қазақстан құрама командасы үшінші орынды иеленді.

9B5B19BC-6D14-4FBF-B795-E2DB40AFAD8D

Марьямды жарысқа дайындаған – БҚО бойынша паратаеквондодан аға жаттықтырушы Ербол Мерғалиев.

Айта кетейік, жақын күндері Марьям мен ел мақтанышы Малик Мукашов Мексикада өтетін Әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.

Әсем Шукатова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале