12.03.2024, 17:30
Оқылды: 57

Бөрлілік спортшылар жарады

Ақтөбе қаласында (WKF) каратэден «Aktobe open - 2024» атты XXIII халықаралық турнир өтті.

каратэ

Аталған жарысқа Башқұртстан Республикасы, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 600-ге жуық спортшы қатысты.

«AKTOBE OPEN 2024» XXIII халықаралық турниріне облыс командасының құрамында Бөрлі ауданының 20 спортшысы өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жарыстың қорытындысына сәйкес, түрлі жас айырмашылығында КАТА және кумитэ бойынша Дастан Нұртас, Азиз Ибадуллаев, Жасмин Жамановалар чемпион атанды.

Ал Әлемхан Иманғали, Динара Макажанова, Айлин Асаупова жүлделі ІІ орын иеленсе, үшінші орынға Чингиз Сұлтанбеков, Темирлан Ғилманов, Ерназар Ижекенов, Санжар Тажғалиев, Айлин Асаупова, Раяна Берекетова, Дильназ Тойшыбайлар тұрақтады.

Аталған жарысқа дайындаған жаттықтырушы - Дархан Сапаров.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале