Жақында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.
26 ақпан мен 1 наурыз аралығында Таразда ұйымдастырылған конкурс халықаралық тәжірибеге сай ашық көрме үлгісінде болды.
Міне, осы атаулы байқауда Бөрлі ауданының жас биологы Лейла Хуснутдинова жеңімпаз атанды.
Ақсай қаласындағы №4 мектептің 10-сынып оқушысы Лейла Хуснутдинова «Биология» секциясы бойынша жоба қорғады. Ақсайлық оқушының «Очистка почвы и воды природными материалами от радионуклидов, тяжелых металлов» тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІ орынды қанжығалады. Жеңімпаз оқушы мен оның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Кульсипат Каиржановнаны аудандық білім бөлімі құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Аслан Нұразғали,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz