9.02.2024, 16:00
Оқылды: 41

Бөрлілік жас туристер жеңімпаз атанды

6-9 ақпан күндері Оралда облыстық «Ақшақар 2024» атты шаңғы туризмі техникасынан жарыс өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау және республикалық жарысқа үздіктерді іріктеу мақсатында өткен жарыста Бөрлі ауданының құрамасы жүлделі І орынды жеңіп алды.

Бөрлілік жас туристер жеңімпаз атанды (5)

Облыстық жарыс шаңғы туризміндегі жеке, байлам және техникалық қашықтық атты бөлімдер бойынша өтті. Одан бөлек «Үздік командалық көрсетілім», «Қысқы туристік фотосурет» секілді арнайы жүлделер де белгіленген. Міне, осы сайыстарда жалпы есепте Бөрлі ауданының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Бөрлілік жас туристер жеңімпаз атанды (1)

Мәселен, «Жеке» қашықтығы бойынша қыздар арасында Айару Оразалы мен ұлдар арасында Бахтияр Алипов жүлделі І орын иегері атанды. Ал Мирлан Ахметжанов «Жеке» қашықтығында ұлдар арасында ІІІ орынды иеленсе, «Байлам» қашықтығы бойынша Бахтияр Алипов пен Мирлан Ахметжанов алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Бөрлі ауданының спортшылары «Техникалық» қашықтықтықтан жүлделі I орын, «Үздік команда көрсетілімі» мен «Қысқы туристік фотосуреттер» байқауларында жүлделі II орынға ие болды.

Бөрлілік жас туристер жеңімпаз атанды (2)

Облыстық сайыс жеңімпаздары және олардың жетекшілерін аудандық білім бөлімі арнайы құттықтап, алдағы байқауларға сәттілік тіледі.

Бөрлілік жас туристер жеңімпаз атанды (6)

Аслан Нұразғали,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Бөрлілік жас туристер жеңімпаз атанды (4)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале