4.06.2024, 15:00
Оқылды: 35

Бөрліліктер рәміздер күнін атап өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай Бөрлі аудандық мәдениет үйінде «Рәміздерге құрмет – елге құрмет» атты салтанатты жиын өтті.

530F56A6-E932-4037-8359-8B7998249015

Жиынға аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов, бөлім басшылары, аудан халқы және жалынды жастар қатысты.

Аудан әкімі бөрліліктерді мерейлі мерекемен құттықтап, лебізін жолдады. Мереке қарсаңында ел ісінде еңбегі сіңген бірқатар азаматқа құрмет жасалды.

Марапатталған азаматтар қатарында кәсіпкерлер, білім мекемелерінің басшылары, құқық қорғау саласының мамандары, қоғамдық бірлестік өкілдері және жастар болды.

518165D7-9D1A-494A-91C9-D7D9816E4F34

Баршасына қиын кезеңде елдің қызметінде тартынып қалмай, уақытпен санаспай еңбек жасағандары үшін аудан әкімінің алғысхаты берілді.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының әдемі ән шашуымен жалғасын тапты. Шара соңы жерлес ақын Әділет Орынбасаровтың сөзіне, Айбек Дәулетқалиевтің әніне жазылған «Рәміздерім – қадірлім» әнімен қорытындыланды.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале