19.03.2023, 8:10
Оқылды: 14

Бөрліліктер сағат 06:00-ден дауыс беруде

Бүгін бөрліліктерде Қазақстан Республикасы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына жоғары белсенділік танытып, сайлауға қатысуда.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 08.09.19

Ауданға қарасты 13 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат  жұмысын 06:00-де бастады.
Учаскелерде туған күн иелері, алғашқы дауыс берушіге сыйлықтар табысталуда.
Мәселен, Ақсай қаласындағы №92 сайлау учаскесі жұмысын сағат 6:00-де бастады.  "Sicim" компаниясының ұжымы ұйымшылдықпен сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыстарын берді.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 08.09.20
Ал Қызылтал ауылдық клубындағы №91 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-де ашылып, жұмысын басталды. Таңмен таласа дауыс бергендер қатар көп. Дегенмен ең бірінші болып өз дауысын ауыл тұрғыны Ақзия Қалиева берді.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 08.09.19 (1)
- 2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткен болатын. Араға 4 ай салып Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлайын деп отырмыз. Жаңа Қазақстанның болашағы үшін бұл сайлаудың өтуі өте маңызды.
Бұл баршамыздың жұдырық боп жұмылып атқарылар жұмыс көп екендігін білдіреді.
Дегенмен бүгінгі саяси науқан абыроймен өтетініне сенімдімін. Сондықтан әр бөрлілікті сайлауға белсене қатысуға шақырамын, — деді ол.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 08.09.20 (1)
Ең бірінші дауыс берген тұрғынға арнайы сыйлық табыс етілді.
Ал "Алтын алқалы" ана Гүлжан Мұхамедиева болса Жаңа Қазақстанды қалыптастыру мақсатында іске асырылып жатқан науқаннан тұрғындарды қалыс қалмауға, дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, аталған учаскеде ауылдың 2608 тұрғыны тіркелген. Учаскеде 6 комиссия мүшесі мен 4 бақылаушы бар.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 08.09.21
Жалпы, ауданда саяси науқан тыныш өтуде. Сайлау учаскелерінде патриоттық әндер шырқалып, учаскелердегі комиссия мүшелері қазақы киімдер киіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Ата-әжелеріміз Наурыз мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан саяси науқанды жақсылыққа ырымдаса, жастар болашақ үшін әр дауыс маңызды екенін айтуда.
Айтпақшы, саяси науқанға орай Ақсай қаласындағы Абай даңғылында концерт пен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жалпы аудан бойынша 34 сайлау учаскесі бар. Сайлаушы саны - 38583. Оның 28005-і Ақсай қаласының, ал 10587-і ауылдық округтердің сайлаушылары.

Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале