6-13 қазан аралығында Түркістан облысында спорттық туризмнен (аралас туризм) Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Аталған жарысқа еліміздің 9 облысынан 21 команда қатысты.
Батыс Қазақстан облысының құрама командасы 3 жас ерекшелік бойынша бақтарын сынады. Облыстық команданың құрамында Бөрлі ауданында орналасқан «Жас туристер станциясының» тәрбиеленушілері де бар. Олар үздік нәтиже көрсеткендерінің арқасында жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.
Атап айтсақ, А.Оразалы «Жеке» сынақтан II орын, «Байлам» қашықтығынан Б.Алипов пен А.Қайырғалиев II орын, А.Асқар мен А.Оразалы ІІ орындармен марапатталды.
Жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрама командасы балалар, жасөспірімдер және ересектерден құралған 3 жас ерекшелік бойынша да І орынға ие болды.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы