Жақында Бөрлі ауылының «Бөрлі» спорт кешенінде асық ату және бес асықтан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарыс 2009-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ұйымдастырылды.
Аталған шараға 6 команда, 50-ге жуық спортшы қатысты. Жарысқа Орал қаласы, Ақжайық, Шыңғырлау, Бәйтерек, Казталов және Бөрлі ауданының командалары қатысып, бақтарын сынады.
Чемпионаттың ашылу салтанатына БҚО «Асық ату» федерациясының президенті А.Мырзагереева, аудандық білім беру бөлімінің дене шынықтыру әдіскері Р.Бекмұхамбетова, аудандық БЖСМ асық атудан аға жаттықтырушысы, жарыстың бас төрешісі Е.ӨтеҒалиевТЕР қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша бес асықтан 2009-2011 ж.т. жасөспірім қыздар арасында бөрлілік Азиза Сайлаубай мен Әдемі Самат І орын, ал Анель Кабакова ІІ орын иеленіп, командалық есепте І орынға ие болды. Асық атудан 2009-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында Мәди Самат ІІ орын, ал Алмат Калекенов ІІІ орынмен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы