Ұлы Отан соғысы жылдары ерлермен бірге қолына қару алып, елін жаудан азат ету жолында жорықты күндерді басынан өткерген қыз-келіншектердің болғаны белгілі. Қан майданға аттанған қыздардың арасында жерлесіміз Зинаида Быкова да болған. Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінде сақтаулы құжаттар арасынан Зинаида Быкова туралы мәлімет кездесті. Айта кетерлігі, соғыс жылдары жазылған құжаттардың бірінде Зинаида Быкованы 1923 жылы Орал қаласында дүниеге келген десе, екінші құжатта Камен ауданы, ІІ Чижа поселкесінің тумасы деп жазған.
1941 жылы 22 маусым күні Зинаида мұғалімдер курсын тәмамдап, қолына диплом алар кез ел басына қара бұлт төнген шақ еді. Сол күні неміс фашист басқыншылары Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс ашты. Отанымды жаудан қорғау жолында өз үлесімді қосамын деген мақсатпен Зинаида Быкова ертеңіне Орал қалалық әскери комиссариатына барды. Өзін соғысқа алу жөніндегі өтінішіне майор шеніндегі егде әскери адам соғысқа бармай-ақ, елдегі жұмысқа тартылу керектігін, соғыс болғанымен, мектептердің жұмыс жасайтынын және балаларға білім беруді ешкім де тоқтатпайтынын 17 жасар бойжеткенге айтып түсіндірді. Ал Зинаида болса, өзінің орны майданда екенін, өйткені ол 1937 жылдан Орал қаласындағы аэроклубта ұшудың бар қыр-сырын үйренгенін және ұшақты ұршықша үйіре алатынын айтып, айтқанынан қайтпады. Сонымен ұшқыш боламын деген Зинаида Прокофьевна Шыңғырлау ауданынан 120 шақырым қашықтықтағы Петров ауылына жолдамамен мұғалім болып барды. Оқу жылы басталғанша ауылдастарымен бірге қырманда жұмысқа тартылды. 1942 жылы көктемде тракторшылар курсын аяқтап, шөп шабу, егін ору жұмысына үлес қосты. Себебі тылда әр еңбек адамы санаулы болатын-ды. 1942 жылы қыркүйекте Зинаида Быкова әскери комиссариаттан көптен күткен шақыру қағазын қолына алды. Зинаиданы құрбысы Ольга Тюринамен бірге Орал қаласына көшірілген Ленинград әскери байланыс училищесіне оқуға қабылдайды. 1943 жылы аталмыш әскери оқу орнында 120 қызды әскери салада радио барлау мен радиотехниктер ісіне дайындайды. Олар радио ісіне Орал қаласының іргесіндегі «Хан тоғайында» оқ-ужаттығу сабақтарынан өтеді. 1943 жылғы қараша айының соңына таман қыздардан құралған радио барлаушылар оқуын аяқтады. Әскери училище түлектеріне кіші лейтенант әскери шені берілді. Кіші лейтенант Зинаида Быкованы Бас штаб жанындағы үшінші дербес авиациялық Қызыл Тулы байланыс дивизиясына жолдайды. Зинаида Быкова капитан Василий Алекандрович Челышевтың экипажына бөлініп, соғыс аяғына дейін сол бөлімде болды. Соғыс жылдары әр әскери тапсырманы орындау оңай болған жоқ. Әскери тапсырма орындау үшін әуеге көтерілген ұшақтарды жау зенитшілері атып түсірген күндер болды. Бұлардың ұшағы аспанда екі рет атып түсірілді, бірақ екеуінде де командир шеберлігінің арқасында экипаж аман қалды. Олар өздерінің «Дугластарында» Ковпак, Орлов, Медведев, қоршауда қалған Ленинград қалаларындағы партизан отрядтарына барып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп тұрды. Соғыста Челышевтың экипажы Ұлы Жеңіс күнін Берлинде атап өтті. Зинаида Быкова Ұлы Отан соғысына 1943-1945 жылдары қатысып, Кеңес әскерінің генералдық штабының ІІІ Қызыл Тулы байланыс бөлімінде борт радио операторы болып әскери міндетін атқарады. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен [Қор: 33. Тізбе: 690306. Іс: 3534. Парақ: 410. ] «Память народа» сайты арқылы алынған Зинаида Прокофьевна Быкованың марапат қағазында оның ерлігі тайға таңба басылғандай жазулы. Аталмыш құжатты 1945 жылы 28 ақпанда Азаматтық Әуе флотының Қызыл Ту орденді байланыс дивизиясының 11-авиа полк командирі, майор Онищенко толтырып, қолын қойған. Архив құжатындағы мәтінде орыс тіліндегі нұсқасын алға тартамыз. Ендеше, назар аударайық.
«Наградной лист 1. Фамилия, имя и отчество: Быкова Зинаида Прокофьевна. 2. Звание: младший лейтенант. 3. Должность: часть бортовая радистка 2 эск. 11 авиаполка 3 отд. Авиац. Краснознаменной дивизии Связи ГВФ. Представляется к медали «За боевые заслуги». 4. Год рождения: 1923. 5. Национальность: русская. 6. Партийность: чл. ВЛКСМ-38 г. 7. Участие в гражданской войне: последующих боевых действиях по защите СССР и Отечественной войне (где, когда) в Отечественной войне в составе 3 ОАКДС ГВФ с 9.10.44 г. 8. Имеет ли ранения и контузии: в Отечественной войне не имеет. 9. С какого времени в Красной Армии: с 10.1942 г. 10. Каким РВК призван: Приказ НКО №0047. 11. Чем ранее награжден (за какие отличия): не имеет. І. Краткое конкретное изложение личного боевого подвига или заслуг. Летает на самолете ПС-43 в качестве бортового радиста. Материальную часть радиостанции знает отлично. Работает с большим желанием. С марта 1944 г. по апрель 1945 г. выполнила 290 самолетовылетов с налетом 467 часов по транспортировке грузов в действующую Красную армию. По ее вине летных происшествий не было. Энергичная, инициативная, дисциплинированная. Морально и политически устойчива. Предана делу партии Ленина-Сталина и Социалистической родине. За отличное обеспечение радиосвязью 290 самолетовылетов достойна награждения медалью – «ЗА БОЕВЫЕ ЗАСЛУГИ». Командир 11 авиа полка Отдельной Авиационной Краснознаменной дивизии Связи ГВФ майор Онищенко».
Зинаида Прокофьевна 1949 жылы Кишинев педагогикалық институтын бітіріп, Воронеж қаласындағы №76 мектепте ұзақ уақыт жұмыс істеді. Онда жоғары сынып оқушыларының «Поиск» клубымен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық бірінші мұражайын құрды. Соғыс ардагері Зинаида Прокофьевна 1981 жылы Орал қаласына оралып, мектеп бітіруінің 40 жылдығына орай Ленинград байланыс училищесінің бұрынғы түлектерінің кездесуін ұйымдастырды. Қан майданда көк аспанда қырандай самғаған майдангер 1985 жылы 6 сәуірде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды. Өкінішке қарай, соғыс жылдары ұшақпен әуеге 290 рет көтеріліп, әскери тапсырмаларды бұлжытпай орындаған майдангер Зинаида Прокофьевнаның өмірден өткен уақыты белгісіз. Ол туралы бар мәлімет осылайша сыр шертеді.
Ахмедияр Батырханов,
Орал қаласы,