Жәнібек ауданында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы, аудандық прокуратура, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Мақсат – екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек көрсету.
Аудандық мәдениет үйінің фойесінде өткен жәрмеңкеге жұмыс іздеген бірнеше азамат қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, түйіндемелерін тапсырды.
Жұмыс берушінің сұранысына сүйенсек, ауданға дәрігерлер, кітапханашы, жеке кәсіпкерлік ұйымдарға кассир, аспазшы, аула сыпырушы сынды мамандар қажет.
- Тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеде жұмыс беруші мекемелер 53 бос жұмыс орындарын ұсынды.Нәтижесінде 3 адам тұрақты, 11 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды, - дейді Мейранбек Ибатов.
Гүләсем Қуан,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz