15.03.2021, 9:12
Оқылды: 37

Бос уақыттарын спортқа арнады

Жуырда Казталов ауданы орталығындағы Спорт кешенінде жастардың бос уақытын тиімді өткізу және саламатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар оздырылды.

C4B76AA3-F1AF-4429-AE95-C457BDDD4405

Белгілі себептерге байланысты жоспарға сай спорттық ойындар кейінге шегеріліп, жастар үстел теннисінен бақ сынап, теңбіл доппен қалаған ойын түрлерін ойнау арқылы уақыттарын тиімді өткізді. Іс-шараға жиналған жастарға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Аңсар Ибраев аудан тұрғындары, соның ішінде жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатындағы іс-шаралар жоспарының маңызын түсіндіріп өтті. Жастар екі сағат уақыт ішінде теңбіл доппен әртүрлі ойын түрлерін ойнап, спорттық бағыттағы дене жаттығуларын да жасады. Жастар уақыттарының қызықты өткендігіне риза екендіктерін жеткізді.

50DF0CAD-3672-496F-A3AE-C70F66233626

Шахназ Рахметова, белсенді жас:

-Аудан әкімшілігі мен аудандық жастар ресурстық орталығы және «Айбын» спорт клубының ұжымына шексіз ризашылығымды білдіремін. Себебі бүгінгі екі сағат уақытым қызықты әрі тиімді өтті. Бір-бірімізбен жақын танысып, спортпен шұғылдандық. Ал спортпен шұғылдану денсаулығымыздың қалыпты болуына септігін тигізеді. Жалпы бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған шаралар көңілімізден шығып отыр. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын таба берсе деген тілегім бар, - деді.

Айта кету керек, спорттық бағыттағы іс-шаралар аудандық жастар ресурстық орталығы және «Айбын» спорт клубымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу маскасыз режімде жүргізілуге рұқсат етілгенімен, өзге де санитарлық талаптар сақталды. Қатысушы жастардың дене қызуы өлшеніп, антисептикті пайдалануы қадағаланды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале