Жаңақала жастармен жұмыс жөніндегі ресурс пен, жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған Жаңақала ауданы бойынша ауыл тұрғындарына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Рухани орталық алаңында өткен шараға аудан, ауыл білім беру бөлімдерінің мәліметі бойынша бос орындар ұсынылды.
Шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге мүмкіндік жасау. Сонымен қатар бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу мәселесінің ашықтығын және қолжетімділігін көрсетеді.
А.Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz