16.03.2021, 9:50
Оқылды: 88

Бозкілемде атой салғандар

Жымпитыда ат тұяғы дүбірлеп жатқанда, сырымдық балуандар Жайықтың жағасында жайылған бозкілемде атой салып, аудан намысын қорғап жатты.

0CDFA4AC-D27A-4029-AFE8-4529734466A3

- Орал қаласында 2003-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен іріктеуге қатысқан Сырым ауданының құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, командалық есепте екінші орынға қол жеткізді, – деп хабарлайды Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов.

D5D7F0B7-B505-4C1A-9A79-5869EA0AFE08

Атап айтсақ, 50 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Кендібаев І орын, 55 келіде Бекарыс Жамбылов І орын алған. 46 келі салмағы бар балуандардың арасынан Асылхан Тұрғалиев пен Санжар Жамбылов күміс және қола жүлдені бөліскен. 2001-2003 жылғы жастар арасындағы белдесуде 84 келілік балуан Данияр Орынғалиев өз салмағы бойынша жеңімпаз атанды. Жас балуандардың жеңісінің артында өздерінің жігерінен бөлек, Е. Шүкіров, А.Оразғалиев, М.Кужахметов, Е.Бисенғалиев сияқты жаттықтырушылардың еңбегі тұрғаны анық.

6C530EFD-4389-473F-B0EB-ADC1B8AA7425

Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 12 үйірмеде 531 бала жаттығады. Оның ішінде 4 үйірмеде балғын балуандар күрес әліппесін үйреніп, жарыстарға дайындалуда. Қазақ күресі, самбо, дзюдо және еркін күрес үйірмелері – бүгінде Сырымдағы күрес мектебінің қасиетті құтханаларына айналып үлгерді.

 Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале