5.06.2017, 12:41
Оқылды: 48

Бруцеллез тағы көбейді

Jangala brucelez   Жаңақалалықтардың негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығына бруцеллез деген бәленің кенедей жармасқанына бірнеше жыл өтті. Әлі күнге құтыла алмай келеді.


  Жаңақала аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Марат Нұрғалиевтің мәліметіне қарағанда, ауданда барлығы 326 169 бас мал бар. Оның 56 820 басы мүйізді ірі қара, 21 888 басы жылқы, 246 454 басы қой мен ешкі болса, 1007 басы түйе малы. Былтырмен салыстырғанда барлық мал түрінде өсім бар.

   Биыл 23 422 бас ірі қара мен 38 598 бас ұсақ мал қан алынып, бруцеллез ауруына зерттеліп, 505 бас сиыр малынан, 64 бас қой мен ешкіден бруцеллез ауруы анықталған. Кесел өткен жылғымен салыстырғанда біраз көбейген.

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале